Монография

Бұл монография қазіргі жаһандану дәуіріндегі білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер контекстінде болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың теориялық-әдіснамалық және практикалық негіздерін кешенді зерттеуге арналған. Еңбекте білім беру кеңістігінің жаһандық сипат алуы, халықаралық стандарттар мен құзыреттілікке бағытталған тәсілдердің әлем бойынша білім берудің негізгі парадигмасына айналуы педагог-психолог мамандарын жаңа кәсіби талаптарға бейімдеудің ғылыми проблемасы ретінде қарастырылады.

Бүгінгі таңда кәсіпқойлық – маманның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды шарты, жұмысқа орналасуының өзіндік кепілі, ұлттық еңбек нарығының тиімді жұмыс істеуінің негізгі факторы болып табылады. Осыған байланысты білім беру мен ғылым салалары үшін жоғары білімді және жоғары білікті мамандар ұлттық еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың ажырамас құрамдас бөліктерінің біріне айналуда. Бұдан бөлек, жоғары білім берудің басым міндеті қазақстандық білім беру мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Монография әлеуметтік бағыттағы студенттер мен магистранттарға оқу процесінде, сондай-ақ зерттеу жұмыстарында пайдалануға арналған.

Сатып алу үшін байланыс деректері:
raigul.raigul@gmail.com
r.zheldibayeva@zu.edu.kz